Шортанды — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы кент, темір жол бекеті, аудан (1939 жылдан) және Шортанды кенттік әкімдігі орталығы.
Кент | |
Шортанды | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 51°41′55″ с. е. 70°59′57″ ш. б. / 51.69861° с. е. 70.99917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°41′55″ с. е. 70°59′57″ ш. б. / 51.69861° с. е. 70.99917° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1929 |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 6 519 адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 03 |
Шортанды шекарасы |
Географиялық орны
Облыс орталығы - Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысында 225 км жерде, Дамса өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
7178 | ▼6268 | ▲6562 | 104,7 | 3032 | ▲3226 | 106,4 | 3236 | ▲3336 | 103,1 |
Тарихы
Іргесі 1929 жылы Көкшетау – Ақмола темір жолының салынуына байланысты станса ретінде қаланған.
Кәсіпорындары
“Арман” жиїаз өндірістік бірлестігі, “Кристалл” ЖШС-і, “Шортанды элеваторы”, “Мол-Достық”, “Құнарлылық” АҚ-тары, “Автомобилист” ЖШС-і, “Шортанды мұнайбазасы” АҚ, аудандық көлік кәсіпорны, тұрмыстық үйі, баспахана, т.б. жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Мектепке дейінгі 5 балалар мекемесі, 3 орта мектеп, мәдениет үйі, 3 кітапхана, кинотеатр, стадион, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт, кафе, сауда орталығы бар. Шортандыдан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Кент арқылы Астана – Петропавл автомобиль және темір жолдары өтеді.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер