Шотландықтар (ағылш. Scots, гэльс. Albannaich) – ұлт, Ұлыбританияның құрамына кіретін Шотландияның негізгі халқы. Ұлыбританиядан басқа АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдерде тұрады. Жалпы саны 5,4 млн. адам (2003). Лоулендер және гэль субэтникалық топтары бар. Антропология жағынан үлкен еуропалық нәсілдің жатады. Ағылшын тілі диалектісінде сөйлейді. Жазуы латын графикасына негізделген. дінінің протестант (негізінен пресвитериандар, аздап англикандар да бар) тармағын, ол гэльдер католик тармағын ұстанады.
Шотландиялықтардың этникалық негізін пиктердің ежелгі тайпалары мен әр түрлі кельт тайпалары құрайды. 5 ғасырдың аяғы мен 6 ғасырдың басында Ирландиядан қоныс аударған скоттардың гэль тайпалары да Шотландиялықтардың этникалық тарихында маңызды рөл атқарады. 9 ғасырдың ортасында Шотландия корольдігінің құрылуы Шотландиялықтардың ұлт ретінде қалыптаса бастауына жол ашты. 13 – 14 ғасырларда ағылшын басқыншылығына қарсы күрес жолында Шотландиялықтар ұлт ретінде қалыптаса бастады және ол үрдіс 19 ғасырда ғана аяқталды. Дәстүрлі шаруашылығы – қой өсіру. Сиыр да өсіріледі. Егіншілік те жақсы дамыған: бидай, картоп, т.б. дәнді дақылдар егеді. Ұлттық тағамдары ұн тағамдарына негізделген. Сорпа мен порридж (ботқа), т.б. дәмді тамақтарынан басқа, ішімдіктен вискиді пайдаланады. Баспаналары сұр гранит жынысынан тұрғызылып, ауылдық жерлерде кельттік үйлер соғылады. 19 ғасырда ұлттық сана сезімнің күшеюіне байланысты ерлердің гэль костюмі кеңінен таралды. Ерлер басына берет, үстіне қысқа камзол, белдемше, аяғына ұзын гетры мен туфли немесе қоншы қысқа етік киген. Қазіргі таңда ұлттық киімдерін мейрам күндері ғана киеді. Мәдениеті ирландықтарға, туыстық жүйесі ағылшындарға өте жақын. Ауыз әдебиеті сақталған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер