Шу – Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала.
Қала | |
Шу | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°35′ с. е. 73°45′ ш. б. / 43.583° с. е. 73.750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°35′ с. е. 73°45′ ш. б. / 43.583° с. е. 73.750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1960 |
Жер аумағы | 24 км² |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 45 447 адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 72643 |
Автомобиль коды | 08 |
Шу шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
34999 | ▲36531 | ▲44814 | 122,7 | 17743 | ▲21647 | 122 | 18788 | ▲23167 | 123,3 |
Сөз төркіні
Қала Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу (қыт. 水) термині қытай тілінен аударғанда "су" дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.
Қала туралы
Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.
Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.
Қала көріністерінен
- Аудандық аурухана және Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш
- Шу теміржол вокзалындағы сауда-саттық
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Евгений Михайловичтің "Географические названия мира" кітабы
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер