Шілік, Шелек – Іле алабындағы өзен.
Шілік өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 245 км |
Су алабының ауданы | 4980 км² |
Су алабы | Іле алабы |
Бастауы | Күнгей Алатауы |
• Координаттары | 42°57′38″ с. е. 77°12′54″ ш. б. / 42.96056° с. е. 77.21500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қапшағай бөгені |
• Координаттары | 43°46′40″ с. е. 78°06′22″ ш. б. / 43.77778° с. е. 78.10611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°46′40″ с. е. 78°06′22″ ш. б. / 43.77778° с. е. 78.10611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Алматы облысының Талғар, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандары |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Алматы облысының Талғар, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 245 км, су жиналатын алабы 4980 км2.
Бастауы
Күнгей Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шелек ауылынан 20 км солтүстікте Қапшағай бөгеніне құяды. Жоғары бөлігінде тар шатқал жасап ағады, төменде жайылып, жағасы жайпауыттанады.
Гидрологиясы
Жауын-шашын, мұздық, жер асты суларымен толығады. Өзеннің 70-тей саласы бар. Басты салалары – Талды, Жіңішке, Сарыбұлақ, Асы. Суының минералдылығы тасу кезінде (сәуір – қыркүйек айларында) 100 – 150 мг/л-ден сабасына түскенде 250 – 300 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Малыбай ауылының тұсында 32,2 м3/с. Суының басым бөлігі егін, бау-бақша суаруға пайдаланылады, жоғарғы алабы – жайылым, шабындық. Бойында бірнеше шағын СЭС-тер және Бартоғай бөгені салынған. Одан су Үлкен Алматы каналына жіберіледі. Ш.Уәлиханов Шілік аңғарында 1856 жылы болып, өзен алабының табиғаты, тұрғындарының кәсібі туралы дерек жинаған, археологиялық зерттеу жүргізген. Ол мұнда ежелгі суару жүйесінің болғандығы туралы болжам жасаған.
Дереккөздер
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Chilik river |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер