Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова (1947 жылы 14 мамырда Талдықорған облысы Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1970 жылдан).
Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова | ||
Жалпы мағлұмат | ||
---|---|---|
Туған күні | ||
Туған жері | ||
Азаматтығы | ||
Мамандығы | ||
Белсенді жылдары | 1970 жылдан | |
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Әкесі - Меңдияров Мырзабек (1902 ж. т.), Киров атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс істеген. Анасы - Меңдиярова Нұрмейір, үжымшарда сауыншы болып жұмыс істеген.
- 1970 жылы М.Әуезов атындағы театр жанындағы екі жылдық студияны бітіріп, театрдың актерлік құрамына қабылданды. Сол кезден бері театрда үзіліссіз еңбек етіп келеді.
- 1990 жылы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
- 1970 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.
Шығармашылығы
«Қазақфильм» киностудиясының «Сайтан көпір» (Ана), «Сұрапыл сұржекей» (Сырға), «Ең нәзік жан» (Әпке), «Қазақ тарихы» (Ана), «Келін» (Ана) кинофильмдеріне түскен. «Қырманбайдың тойы» (), «Турандот ханшайым» (Скирина), «Мөлдір махаббат» (Нарбота), «Мәңгілік бала бейне» (Шоқыш), «Қаракөз» (Текті), «Қазақтар» (Ана), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Сыпайы әйел) спектакльдерінде ойнайды.
Марапаттары
- 1996 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды.
- 2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі.
Жеке қасиеттері
Отбасы
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев (1947 ж. т.), суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ұлы - Әбішев Еркін (1978 ж. т.); қызы - Әбішева Сәнді (1980 ж. т.).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер