Элегия – ойлы, мұңға толы, қаралы характерде жазылған музыкалық пьеса. Ежелгі Грекия мен Римде әр түрлі тақырыптағы элегиялар туып, алғашқыда олар лирикалық, сатиралық және жауынгерлік сипатта болды. Кейінірек мұң аралас лирикалық ән-толғау түріндегі муз. туындылар ғана элегия деп аталды. Қайта өркендеу дәуірінде элегия еуропалық елдердің музыкасы мен әдебиетінде де тарала бастады. 17 ғасырда элегия жеке музыкалық жанрға айналды. 18 – 19 ғасырларда элегия музыкасында махаббат сезіміне орай туған сағынышқа толы, сүйіктісінен айрылып, жалғыздық тақсіретін тартқан жандардың көңіл-күйін білдіретін вокальдық әндер өмірге келді. Мысалы, А.П. Бородиннің "Алыстағы атамекен жағалауына" мен “Құйқылжып күзгі жапырақтар құйылған сәтте” атты романстары, Ж.Массненің фортепьяно мен виолончельге қосылып айтатын дауысқа арнаған “Элегиясы”, П.И. Чайковскийдің ішекті аспаптар оркестріне жазған серенадасындағы "Элегия", С.В. Рахманиновтың фортепьяноға арналған “Элегиясы”, т.б. 19 ғасырдың ортасында аспаптық муз. Э. шығармаларын Ф.Лист, Э.Григ пен Г.Форе сынды, т.б. композиторлар жазды. Қазақ музыкасында Э. элементтері Е.Г. Брусиловский (“Қыз Жібек” пен “Жалбыр”), А. Жұбанов пен Л. Хамиди (“Абай”) және Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың (“Еңлік – Кебек”) опералық туындыларынан бой көрсетті.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер