«Эллас Верона» (итал. Hellas Verona) — Италияның Верона қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1903 жылы құрылған. 1984/85 жылғы маусымда Италия чемпионы атанды.
Құрылған жылы | 1903 | |||
---|---|---|---|---|
Стадионы | , Верона | |||
Сыйымдылығы | 39211 | |||
Бас жаттықтырушы | ||||
Жарыс | В сериясы | |||
2018/19 | 5 | |||
Формасы | ||||
| ||||
Тарихы
1903 жылы жергілікті лицейдің студенттері құрды. Әуелдегі аты "Эллада" (италияншасы — Эллас). Бұл атауды лицейдің грек тілі мұғалімі қойған-ды. 1919 жылы "Эллас Верона" деп өзгертілді. 1956/57 жылғы маусымда тұңғыш рет А сериясында ойнады.
1982/83 жылғы маусымды төртінші орында аяқтап, өзіндік рекорд жасады. Дегенмен, ірі табыстары алда еді, 1984/85 жылғы маусымда 30 кездесуде 43 ұпай жинап, Италия чемпиодығына қол жеткізді. Бұл маусымда клубта неміс Ханс-Петер Бригель, даниялық Пребен Элкьяр-Ларсен, италиялық Антонио Ди Дженнаро секілді мықтылар ойнады.
Бітіспес қарсыластары — Веронаның тағы бір клубы "Кьево"
Атаулар тарихы
- 1903—1915 — Hellas
- 1919—1928 — Hellas Verona
- 1928—1959 — Associazione Calcio Verona
- 1959—1991 — Associazione Calcio Hellas Verona
- 1991—1995 — Verona Football Club
- 1995 — Hellas Verona Football Club
Жетістіктері
- Италия чемпионы: 1984/85
- Б сериясының жеңімпазы: 1956/57, 1981/82, 1998/99
- Италия кубогының финалисі: 1975/76, 1982/83, 1983/84
Сілтемелер
- Ресми сайт
- Тарихы (итал.)
- 1985 жылғы "Веронаның" жеңісі (sports.ru) (орыс.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер