Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай, әлемдегі ең көп көрілетін 10 музейдің бірі. Санкт-Петербург қаласында 1764 ж. (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 1852 ж. Эрлифтды көпшіліктің көруіне рұқсат берілді. 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. Азия, Иран, Қытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитажтдағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара т. жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері
туындыларынан , Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғ-лардағы француз және 18 ғ-дағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғыл. және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, бұрынғы өз орнына қайта қойылды. 1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.
Әдеб.: Персианова О.М., Эрмитаж – сокровищница мировой культуры, Л., 1955; Грицак Е.Н., Эрмитаж, М., 2005. С. Көбеева
Дереккөздер
- Әлемдегі ең көп кіретін 10 музей
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер