Эфемерлер (грек. ephemeros – тез өсетін) – шөл және шөлейтті жерлерде, сирек далалық аймақта өсетін бір жылдық өсімдіктер. Эфемерлерге тұқымынан бастап, жеміс беруге дейінгі барлық даму циклі 2 – 6 аптадан 5 – 6 айға дейін жететін өсімдіктер жатады. Мыс., құм ботагөзі, дала шегіргүлі, шөл жауылшасы, жалпақ жеміс, т.б. Бұл өсімдіктердің вегетац. кезеңі негізінен ерте көктемде (ақпан – мамырда) қуаңшылық түскенге дейін болады. Ал күздік Эфемерлерсолт. аймақтарда жертаған түрінде қар астында қыстап, көктемде вегетациясын қайта бастайды. Эфемерлерді мезофиттерге (топырақ пен ауа ылғалдылығы біршама жеткілікті, бірақ шамадан артық емес ортаға бейімделген өсімдіктер) жатқызады, бірақ Эфемерлердің олардан айырмашылығы тұқымдары ыстыққа төзімді келеді. Өсіп-өнуі, тіршілік ету ұзақтығы және өлшемдері ауа райы жағдайына байланысты қатты өзгеріп отырады; сондықтан да Эфемерлераса биік болмайды (1 – 3 см). Эфемерлерді негізінен орамжапырақ және астық тұқымдасына жататын өсімдіктер құрайды. Шөл аймақтарда Эфемерлер эфемероидтермен бірге көктемде барлық мал түлігіне жайылым ретінде пайдаланылады. Н. Мұхитдинов
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер