Юкон (Yukon; үндістерше – үлкен өзен) – Канада мен АҚШ (Аляска) жеріндегі өзен. Ұзындығы 3700 км, алабының аумағы 855 мың км². Кордильерадан басталып, жоғарғы ағысы Юкон таулы үстіртінің терең тау аңғарымен өтіп, көпшілік бөлігі Аляска жазығы арқылы ағып, теңізінің Нортон шығанағына құяды. Ірі салалары – Танана (сол), Пелли, Поркьюпайн, Коюкук (оң). Суының орташа ағымы 6,5 мың м3/с. Негізінен қар суымен толығады. Су тасу маусымында (мамыр – маусым) деңгейі 15 – 20 м-ге көтеріледі. Қазан – қараша айларынан сәуір – мамыр айларына дейін қатады. Мамыр – қыркүйекте сағасынан 3200 шақырымға дейін кеме жүзеді. Теңіз толысуы өзен бойымен 160 шақырымға дейін таралады. Ірі қалалары: Танана (АҚШ), Уайтхорс, Доусон (Канада).
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер