Юмор (ағылш. humor) — өмірдегі күлкілі болмыс, оқиғаларды зілсіз қалжыңмен әжуалайтын комедиялық жанрдың бір түрі. Ол негізінен, өмірдегі жағымды нәрселер мен құбылыстардың жекелеген мінін жеңіл күлкі, әзіл-оспақпен іш тарта мысқылдайды. Қазақ фольклорында жеңіл юморға құрылған шығармалар жиі ұшырасады (Мысалы, Қожанасыр әңгімелері). Қазақ әдебиетінде Б.Майлин, Ғ. Мүсірепов шығармаларында юморға құрылған оқиғалар өте көп. М.Әуезовтің "Абай жолы", С.Сейфуллиннің "Tap жол тайғақ кешу", I.Жансүгіровтің "Жолдастар", С.Мұқановтың "Өмір мектебі" сияқты шығармаларында юморлық элементтер жиі кездеседі. Бүгінгі әдебиет өкілдері ішінде , С.Адамбеков, О.Әубәкіров, М.Рәшев, Ш.Смаханұлы, Ғ.Қабышев, Ү.Уайдин, т.б. сатирик-жазушылар шығармаларында юморға мол орын берілген.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер