Ядролық физика институты (ЯФИ) – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1957 жылдың 25 шілдесінде Қазақстан ҒА Физикалық-техникалық институтының негізінде Алматы қаласында құрылған. Институтты құруға Қазақстан ҒА-ның президенті академик Қ.И. Сәтбаев пен -ның академигі И.В. Курчатов үлкен үлес қосты.
ЯФИ-да ядролық физика, қатты дене физикасы, қолданбалы ядролық физика, ВВР-К зерттеу реакторының кешені, өнімдер мен қызмет көрсету бөлімдері мен лабораториялары жұмыс істейді. Институттың бөлімшелері Астана, Ақсай (Батыс Қазақстан облысы), Курчатов (Шығыс Қазақстан облысы) қалаларында орналасқан. Институттың ғылыми-зертттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: ядролық физика саласындағы физика және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту; халық шаруaшылығының түрлі салаларында атом энергиясын қолдану бағдарламалары, жоғары білікті мамандар даярлау. Институтта Қазақстан ғылым академиясының академиктері: Л.М. Неменов, М.И. Корсунский, В.М. Кельман, Ж.(Тәкібаев), Г.Д. Латышев, Ш.Ибрагимов, Ә.Жетбаев, т.б. жұмыс істеген.
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер