Яков Соломонович Штейн (24 желтоқсан, 1900, Орынбор – 26 маусым, 1956, Бішкек; Алматыда жерленді) – режиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңген өнер қайраткері (1955).
Өмірбаяны
- Шығармашылық өнер жолын 1920 жылы бастаған.
- 1943 – 56 жылы Алматы қаласында тұрып, Орыстың мемлекеттік академиялық драма театрында режиссерлікпен айналысты. Ол орыс жазушыларының шығармалары бойынша бірқатар спектакльдерді осы театр сахнасына шығарды. Олардың қатарында А.Н. “Иван Грозный” (1945) мен “Азапты сапарда” (1947), В.В. “Ұмытылмас 1919 жыл”, Лопе де Веганың “Құмыралы қыз” (екеуі де 1950), К.А. Треневтің “Любовь Яровая”, А.М. Горькийдің “Егор Булычов және басқалар” (екеуі де 1951), А.П. Штейннің “Жеке іс”, А.Н. Степанов пен И.Ф. Поповтың “Порт-Артур” (екеуі де 1954), Ф.М. “Қорланғандар мен қор болғандар” (1956), т.б. пьесалар бар. Оның қойған спектакльдері көркем-идеялық тереңдігімен, патриоттық серпінімен әрі оптимистік рухымен ерекшеленді. Сондай-ақ Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер І.Бадыровпен бірлесіп, М. Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыланды” (1946) және Ә.Тәжібаевтың “Дубай Шубаевич” (1954) пьесаларын қойды. 1949 жылы Ш.Аймановпен бірге Әуезовтің “Абай” романын сахнаға лайықтап, инсценировка жасады. Жазушы Н.И. Ановпен шығармашылық бірлікте болған ол 1955 жылы оқиғасы Қазақстанда өтетін “Жүрек әмірімен” атты пьесасын жазды әрі оны Орыс мемлекеттік академиялық драма театры сахнасына шығарды.
- 1945 жылдан өмірінің соңына дейін педагогикалық қызметпен шұғылданды. Штейн Қазақстандағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық жағынан кемелденуі жолында көп еңбек сіңірді.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер