Яков Яковлевич Цвингер - Социалистік Еңбек Ері (1966), колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 1915 жылы Ресейде Майдорф селосында (қазіргі Саратов облысы) туған.
Яков Яковлевич Цвингер | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Ресей, Майдорф селосында (қазіргі Саратов облысы) |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ұлты | неміс |
Қызметі | колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Еңбек жолы
- 1929-1935 жылдары Қостанай облысының "1 Май" колхозында колхозшы, председатель болды.
- 1935 жылы - Құлынды ауданындағы "Власть Советов" колхозының председателі.
- 1935 жылы Қызыл Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысы басталғанда соғысқа қатысып, тілмәш болды.
- 1947 жылы Қазақстанға қайта оралып, Қостанай облысы, Ф.Энгельс атындағы колхозды басқарып, оның экономикасын және мәдениетін көтеруге үлкен үлес қосты.
Наградалары
- 2 рет Ленин ордені
- Социалистік Еңбек Ері (1966)
- Медальдар
Дереккөздер
- ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.