Яшма (ағылшын – , шақпақ тас) – кварцтың өте тығыз бітіскен, аса ұсақ түйірлерінен (1 – 3 мк) құралған шөгінді, жанартаутекті - шөгінді тау жынысы.
Құрамындағы 2 мөлшері 97,9%; аз мөлшердегі қоспаларына: гематит, , , кальцит, апатит, родохрозит, родонит, т.б. жатады. Түсі шұбар, , , сұр; сынымы , нақышы қабатты, жолақты болып келеді. Яшма негізінен жанартаутекті - шөгінділік, химиялық, биохимиялық жолдармен түзіледі. Су асты жанартауларының атқылауынан шыққан магмалық тау жыныстарынан бөлінген кремнезем (2) едәуір мөлшерде босайды да, Яшманың қалың қабатының қалыптасуына себепші болады. Әдемі түсті Яшмадан безендіру және зергерлік бұйымдар жасалады. Яшманың (арканзас тасы) аталатын түрі металл бетін өте таза, мінсіз тегістейтін табиғи болып саналады, сондықтан да жоғары бағаланады. Яшма кендері Оралда, Алтайда, Қазақстанда (Ерейментау, Ұлытау, Тектұрмас), бірқатар елдерде (Чехословакия, Италия, Испания, т.б.) табылған.
Дереккөздер
- 1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , X том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер