«Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны — Қазақстандағы құрамында Орталық ғылыми кітапхана, 4 музей (Табиғат, Археология, Сирек кездесетін кітаптар және Қазақстан ғылымының тарихы музейлері), ғылыми архив, ғылыми кадрларды даярлау орталығы бар көп функционалды мекеме. Ол Үкіметтің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 Қаулысымен Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғалымдар үйі» және «Орталық ғылыми кітапхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының бірігуінен құрылды.
«Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Құрылған уақыты | 2010 жыл |
Мекемені басқарады | ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті |
Штаб-пәтері | Қазақстан, 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 |
Бас директоры | Ұлар Оразғалиұлы Мұқажанов |
Мақсаты
«Ғылым ордасының» басты мақсаты: ғылым мен білімді дамытуға республиканың ғылыми жұртшылығын жұмылдыру; Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени және ғылыми мұрасының сақталып, одан әрі дамуына жағдай жасау, осы мұраны тиянақты зерттеп, жан-жақты насихаттау; ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды дайындап, жүзеге асыру және ғылымның, техникалық ілгерілеу мен оның жеткен жетістіктерін қызмет бабында пайдалану; ғылыми кітапханалық – ақпараттық кітаптар мен құжаттар қорын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми және мәдени мұрасы ретінде сақтап қалу, мұражайларды дамыту. Сонымен қатар, мекеме қызметінің негізгі бағыты ғылым мен білім саласындағы өндірістік – шаруашылық қызметін атқару болып табылады.
Қайраткерлігі
«Ғылым ордасының» қызметкерлері басқа ұйымдармен бірлесе отырып білім және ғылым саласындағы дербес және біріккен инновациялық ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды дайындап жүзеге асырады, кітапхана ісін, ғылымның түрлі салалары бойынша мұражайларды құру және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады, қызметтің стратегиялық бағыттары бойынша халықаралық қатынастарды дамытады.
Ғимараты мен құрылымы
«Ғылым ордасының» жалпы көлемі шамамен 38 мың кв.м. ғимараттар кешені түрінде дамыған базасы бар, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, «Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі» ММ және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы 10 ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Сонымен бірге, 5,5 млн. кітап қоры бар Ғылыми кітапхана жұмыс жасайды. Ол кітапханатанудың, библиографияның, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың ірі ақпараттық-үйлестіру орталығы болып табылады. «Ғылым ордасының» ғимараты кеңес дәуірінің белгілі сәулетшісі А. Щусевтің жобасы бойынша салынған және мемлекеттің қорғауына алынған, Қазақстан Республикасының бірегей тарихи сәулет ескерткіштері қатарына енген. Ғимаратта 377 орынға арналған үлкен конференц – залы, 120 орындық кіші конференц – залы және 267 орындық концерттік залы мен Қысқы бақ жұмыс істейді.
Ғылым музейі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2010 жылғы 1 маусымдағы №35-ПР бұйрығына сәйкес музей жәдігерлері мен жиынтықтарын сақтау, зерттеу және көпшілікке ұсыну, ғылыми, тарихи – мәдени мұраны кеңінен тарату және ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының аясында «Табиғат музейі» мен «Археология музейі», сондай-ақ екі жаңа – «Сирек кездесетін кітаптар музейі» мен «Қазақстан ғылымының тарихы музейі» жұмыс істейді.
Қайнар көзі
- «Ғылым ордасының» ресми сайты
Суреттер
- «Ғылым ордасы»
- Ғылым ордасының Қысқы бағы
- Табиғат музейі экспозициясынан көрініс
- Табиғат музейі экспозициясынан көрініс
- Археология мұражайы экспозициясынан көрініс
- Археология мұражайы экспозициясынан көрініс
- Сирек кездесетін кітаптар музейі экспозициясынан көрініс
- Сирек кездесетін кітаптар музейі экспозициясынан көрініс
- Қазақстан ғылымының тарихы музейінің экспозициясынан көрініс
- Қазақстан ғылымының тарихы музейінің экспозициясынан көрініс
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер