«ҚазТрансОйл» АҚ (қысқаша ҚТО) — iшкі нарыққа, транзиттеу және экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының мұнай құбыры компаниясы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді.
KazTransOil/ҚазТрансОйл | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды | 1997 |
Орналасуы | |
Басты адамдары | Құрманбаев Талғат Нәсимоллаұлы |
Саласы | мұнай тасымалдау |
Басшы компания | |
Сайты |
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының жалпы ұзындығы 5 373 км құрайды.
«Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторды айқындау және ол туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді.
«ҚазТрансОйл» АҚ – бұл 90% жай акциялары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі, ал 10% жай акциялары минус 1 акция миноритарлық акционерлердің бақылауындағы жария компания.
«ҚазТрансОйл» АҚ келесі еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдардың қатысушысы және акционері болып табылады:
- «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС (қатысу үлесі – 50%);
- «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС (қатысу үлесі – 51%);
- «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (100% үлесі);
- «Petrotrans Limited» жеке жауапкершілігі шектеулі компания (100%);
- «Магистральдық суағызғы» ЖШС (100%).
«ҚазТрансОйл» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер