Қазалы каналдары – Қызылорда облысындағы ірі суару-суландыру жүйесі. Сырдарияның оң жағалауына орналасқаны «Оң жаға» каналы, сол жағалауындағысы «Сол жаға» каналы деп аталады.
Қазалы каналдары | |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қызылорда облысы |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 120 км |
Су шығыны | 30 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Басықара каналы |
45°45′33″ с. е. 62°18′50″ ш. б. / 45.759187° с. е. 62.313760° ш. б. (G) (O) (Я) | |
45°46′53″ с. е. 61°43′36″ ш. б. / 45.781309° с. е. 61.726673° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°46′53″ с. е. 61°43′36″ ш. б. / 45.781309° с. е. 61.726673° ш. б. (G) (O) (Я) | |
— бастауы, — сағасы |
Гидрологиялық сипаты
Сырдарияның оң жағалық каналы облыстың Қазалы ауданы аумағында. Ұзындығы 120 км, табан ені 10 – 26 м, тереңдігі 2,5 – 6 м, секундына 23 – 30 м3 су өткізе алады. Сол жағалық каналы Қазалы, Арал аудандары аумағында. Ұзындығы 80 км. Сырдарияның төменгі ағысы бойында өзен суы таяз болып, егістер сусыз қалған уақыттар жиі болып тұрды. Осыны ескеріп 1941 – 42 жылдары халықтық әдіспен (асар) «Оң жаға» каналын қазу қолға алынды. Канал Басықара каналынан басталады. Осы үлкен каналды қазуға 3 мың адам қатысқан. Канал 1943 жылы іске қосылған. 1946 жылы техника күшімен канал ені кеңейтілді.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер