Қазаншұңқыр құрлық бетіндегі, мұхит-теңіз түбіндегі пішіні дөңгелек не аздап созылыңқы келген ойыс. Қазаншұңқыр тұйық немесе бір жағынан, өзен арнасында орналасса екі жағынан ашық болып келеді. Жер бетіндегі Қазаншұңқырдың мөлшері бірнеше км-ден жүздеген км-ге жетеді (мысалы, тауаралық Қазаншұңқыр). Қазаншұңқырлар пайда болу және геологиялық құрылысы жағынан тектоникалық, жанартаулық мысалы, кальдералар (испанша caldera – үлкен қазан), эрозиялық, мұздық, ; құрылымы жағынан тегіс табанды, ыдыс тәрізді, т.б. бөлінеді; сумен толығуына қарай ағып өтетін, ағынды, ағынсыз (құрғақшылық аймақтарда) болып ажыратылады. Су асты Қазаншұңқырлары жүздеген, мыңдаған км-ге созылады. Олар теңіз, мұхит табаны бедерінің ірі бұрыс пішінін құрайды (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік Қазаншұңқыр, т.б.). Қазаншұңқырлар кейде ойыстар мен депрессияларға сәйкес келеді. 20 ғасырдыңдың ортасынан бастап техносфераның дамуына байланысты жер бетінде Қазаншұңқырлардың антропогендік (қ. Антропогендік жер бедері) түрлері көбейіп келеді. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқыры, , т.б. бар.
Мұхиттық қазаншұңқырлар
Мұхиттық қазаншұңқырлар - мұхит табаны шегіндегі су асты жоталармен, белестермен және қыраттармен шектелген ауқымды ойпандар. Олар өзара терең өткелдермен жалғасып жатады. Орташа терендігі 5 мың м. шамасында. Қазаншұңқырлар табаны 100-500 м биіктікте ауытқитын төбелі-жазықты бедерімен сипатталады.
Опырылма қазаншұңқыр
Опырылма қазаншұңқыр - әктастардағы немесе басқа тау жыныстарындағы жер асты қуыстары төбесінің опырылуы немесе шөгуі салдарынан жарылымдар бойындағы телімдердің төмен түсуінен пайда болған депрессия.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер