Қазақстанның инвестициялық қоры — республикалық арнаулы қаржы қоры. 2003 жылы 30 мамырда акционерлік қоғам ретінде құрылған. Қордың республикалық бюджет қаржысы есебінен бөлінген 23 млрд. теңге жарғылық капиталдағы мемлекеттің үлесі – 100%.
Негізгі міндеттері: шикізаттар мен материалдарды тереңдете өңдейтін, бәсекелесуге қабілетті және қазіргі заманғы озық технологияларды пайдалана отырып өнім өндіретін, сондай-ақ, келешегі бар өнеркәсіп орындарына тиімді өндірістік қызмет көрсете алатын жаңадан құрылған кәсіпорындардың жарғылық қорларына инвестиция салу; инвестиция көлемін кеңейту жолымен республикада корпорациялық бағалы қағаздар рыногінің дамуына ықпал ету, қор рыногінің қазіргі заманғы құралдарын қолдануға жағдай жасау; әлуетті инвесторлар үшін кәсіпорындардың тартымдылығын арттыру; отандық және шет елдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияларды қамтамасыз ету үшін, қосымша аралас өндірістердің дамуы үшін шетелдік инвестицияны жүзеге асыру; қазақстандық кәсіпорындардың шет елдегі инвестиц. белсенділіктерінің артуына ықпал ету; халықаралық стандарт пен тәжірибелер негізінде инвестиц. қоржындарды басқарудың алдыңғы қатарлы үлгісін жасау; Қордың инвестиц. жобаларына қатысу үшін менеджерлер даярлау.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , V том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер