Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті — туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | |
Құрылған уақыты | 26 сәуір 2006 жыл |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс |
Төрағасы | Нұртас Кәріпбаев |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/tourism?lang=kk |
Тарихы
2004 жылы ҚР Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi таратылып, оның туризмдi дамыту функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетiне берілді. Туризм индустриясы комитеті 2006 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі құрамында құрылды. 2012 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беріліп, 2014 жылы таратылды. 2017 жылы комитет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамында қайта құрылып, 2023 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің қарамағына берілді.
Міндеттері
- туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
- туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру
Құрылымы
Комитеттің 5 басқармаcы бар (2023 жылға):
- Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасы
- Ішкі және келу туризмі басқармасы
- Ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасы
- Ішкі әкімшілендіру басқармасы
- Инвестицияларды тарту, ілгерлету, жарнама және маркетинг басқармасы
Қарамағындағы мекемелер
- "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ
- "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" КеАҚ
Дереккөздер
- "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер