Қазақтың спорт және туризм академиясы, дене тәрбиесі мен спорт саласы бойынша ҚР-ындағы ең үлкен жоғары оқу орыны. Бұрынғы аты Қазақ дене тәрбиесі институты, Халық комиссарлар кеңесінің 1944 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен ашылған, ал ҚР үкіметінің 28.10.1988 ж. Қаулысымен Қазақ туризм және спорт академиясы (әрі қарай академия) болып өзгертілген.
Академия туризм мен спорт саласы бойынша білікті жаттықтырушылар мен оқытушы-нұсқаушыларды, валеологтарды, спорт дәрігерлерін, экономистерін, мейманхана қызметкерлерін дайындайды. Академияның оқу корпустары, спорт залдары, жатақханалары, 2 стадионы, Қапшағайда туристік, "Горельник" тау-шаңғы базасы бар. Академияның түлектері тек республикада ғана емес алыс-жақын шет мемлекеттерде де қызмет істейді.
Оның түлектері Олимпиялық ойындарда 32 алтын, 22 күміс, 4 қола медальдарға ие болды. Атақтары әлемге танымал спортшылар А. Колесов, В. Резанцев, Д.Тұрлыханов, Ш. Серіков, И. Валетов, Т. Досымбетов, В. Минеев, A.Парыгин, В. Кравченко, О. Антропов, О. Кривошева, Е. Чебукина, А. Ким, В. Люкин, Ж. Сауранбаев, В. Тихоненко, И. Герлиц, О. Шишигина, Е. Ибраймов және т.б. осы академияның түлектері. Оларды академияның оқытушы-профессорлары П. Матущак, О. Жарылғапов, В. Псарев, Ә. Нурмаханов, В. Байдин,B.Ермаков, Е. Войнов сияқты білікті мамандар дайындаған.
Академияда мынадай факультеттер бар:
Академияның ректоры республикалық студенттік спорт одағының президенті және студенттердің Бүкілдүниежүзілік одағындағы республиканың өкілі болып табылады.
Академияның (бұрынғы дене тәрбиесі институты) ректорлары болып мына адамдар қызмет істеді (уақыт мерзіміне сәйкес):
Дереккөздер
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер