Қазақ шығанағы – Каспий теңізіндегі шығанақ.
Қазақ шығанағы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Орташа тереңдігі | 13—15 м |
Тұздылығы | 13—15 ‰ |
Орналасуы | |
42°36′12″ с. е. 52°22′38″ ш. б. / 42.60333° с. е. 52.37722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°36′12″ с. е. 52°22′38″ ш. б. / 42.60333° с. е. 52.37722° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Өзінен жоғары акватория | Каспий теңізі |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Аудан | |
Орналасқан жері
Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысы жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр.
Сипаты
Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар. Суының тұздығы 13 – 14‰. Жазда су беті 26 – 27°С-қа дейін жылынады, ал қыста 0°С-қа дейін суынады, 2 – 3 айдай жұқа мұз басады.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер