Қайсар футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қызылорда қаласының Ғ.Мұратбаев атындағы стадион клубтың базасы боп саналады.
Қайсар ФК | |||
Лақап аттары | |||
---|---|---|---|
Құрылған жылы | |||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы | 7000 адам | ||
Жарыс | |||
2023 | 6 орын | ||
| |||
Клубтың тарихы мен жетістіктері
КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті.
Клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді.
Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126.
Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген.
Қазақстан кубогында 55 ойынның 16-сын жеңіспен аяқтаған. Азия елдері Кубогындағы ең үлкен жетістігі 1999-2000 жылдары 1/8 финалға өтуі.
2019 жылы Қазақстан кубогын иеленді де, тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды.
Стадионы
Толық мақаласы: Ғани Мұратбаев (стадион)
Бүгінде команда өз алаңындағы ойындарын Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізіп жүр. Стадион 1968 жылы салынған.
Клуб құндылықтары
Клуб тарихын білу және құрметтеу, дәстүрді сақтай отыра, жаңа дәстүрлердің пайда болуына мүмкіндік беру. Профессионализм, жауапкершілік, іске адалдықпен қарау, көптеген адамдарға үлгі болу. Жоғары спорт жетістіктеріне талпыну. Клуб құндылықтарын сақтай отыра, жанкүйерлерге дәріптеу.
Ең ірі жеңістері
Қазақстан чемпионаты
Ең ірі жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
Клуб атауларының тарихы
- «Волна» (1968)
- «Автомобилист» (1968-1973)
- «Орбита» (1974-1978)
- «Мелиоратор» (1979-1989)
- «Қайсар» (1990-1995)
- «Қайсар-Мұнай» (1996-1997)
- «Кайсар-Hurricane» (1997-2000)
- «Қайсар» (2001-о.у.)
Статистикасы
Маусым | Дивизион | Орын | О | Ж | Т | Ұ | Д | Ұ | Кубок |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1992 | Жоғары лига | 38 | 18 | 3 | 17 | 48-37 | 57 | 1/2 финал | |
1993 | Жоғары лига | 48 | 15 | 6 | 27 | 52-85 | 51 | 1/16 финал | |
1994 | 1 лига | 34 | 5 | 6 | 23 | 21-67 | 21 | ||
1995 | 1 лига | 18 | 12 | 4 | 2 | 28-8 | 40 | ||
1996 | 1 лига | 34 | 15 | 11 | 8 | 39-25 | 56 | 1/4 финал | |
1997 | Жоғары лига | 26 | 13 | 5 | 8 | 39-23 | 44 | ||
1998 | Жоғары лига | 26 | 16 | 5 | 5 | 42-17 | 53 | 1/2 финал | |
1999 | Жоғары лига | 30 | 17 | 7 | 6 | 47-19 | 58 | Жеңімпаз | |
1/4 финал | |||||||||
2000 | Жоғары лига | 28 | 12 | 7 | 9 | 36-23 | 43 | 1/4 финал | |
2001 | Жоғары лига | 32 | 11 | 7 | 14 | 33-40 | 40 | 1/4 финал | |
2002 | Суперлига | 32 | 10 | 2 | 20 | 31-55 | 32 | 1/4 финал | |
2003 | Суперлига | 32 | 9 | 7 | 16 | 26-42 | 34 | 1/4 финал | |
2004 | Суперлига | 36 | 9 | 4 | 23 | 24-61 | 31 | 1/16 финал | |
2005 | 1 лига | 22 | 17 | 4 | 1 | 51-10 | 55 | 1/8 финал | |
2006 | Суперлига | 30 | 8 | 4 | 18 | 29-53 | 28 | 1/16 финал | |
2007 | Суперлига | 30 | 10 | 7 | 13 | 29-39 | 37 | 1/2 финал | |
2008 | Премьер-лига | 30 | 13 | 10 | 7 | 29-22 | 49 | 1/8 финал | |
2009 | Премьер-лига | 26 | 3 | 5 | 18 | 15-45 | 14 | 1/4 финал | |
2010 | 1 лига | 34 | 25 | 6 | 3 | 74-23 | 81 | 1 саты | |
2011 | Премьер-лига | 32 | 10 | 5 | 17 | 29-53 | 27 | 1/8 финал | |
2012 | Премьер-лига | 26 | 8 | 6 | 12 | 21-33 | 30 | 1/8 финал | |
2013 | Первая лига | 34 | 23 | 8 | 3 | 77-20 | 77 | 1/8 финал | |
2014 | Премьер-лига | 32 | 10 | 13 | 9 | 30-34 | 27 | 1/4 финал | |
2015 | Премьер-лига | 32 | 4 | 12 | 16 | 20-36 | 16 | 1/4 финал | |
2016 | 1 лига | 28 | 20 | 7 | 1 | 49-9 | 67 | 1/8 финал | |
2017 | Премьер-лига | 33 | 11 | 9 | 13 | 30-36 | 42 | 1/8 финал | |
2018 | Премьер-лига | 33 | 11 | 12 | 10 | 35-31 | 45 | 1/4 финал |
Жетістіктері
- Қазақстан кубогы: 1998/99, 2019
- 1 лига жеңімпазы: 1995, 2005, 2013, 2016
Құрамы
2022 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша
№ | Қақпашылар | Туған күні | Азаматтығы |
---|---|---|---|
1 | Нұрмат Сәрсенов | 19.01.2003 | Қазақстан |
34 | Нұрымжан Салайдын | 27.10.1995 | Қазақстан |
35 | Никита Калмыков | 24.08.1989 | Қазақстан |
№ | Қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
2 | Елжас Сарбай | 24.07.1998 | Қазақстан |
3 | Абылайхан Төлегенов | 13.07.1998 | Қазақстан |
22 | Әділбек Жұмаханов | 27.02.2002 | Қазақстан |
44 | Арцём Дылеуски | 20.02.1997 | Беларусь |
52 | Константин Горизанов | 30.09.2002 | Қазақстан |
99 | Жуан Педру Оливейра | 17.06.1999 | Бразилия |
№ | Жартылай қорғаушылар | Туған күні | Азаматтығы |
5 | Демият Сламбеков | 13.01.1997 | Қазақстан |
6 | Мағжан Бауыржан | 07.02.2002 | Қазақстан |
7 | Мақсат Байжанов | 06.08.1984 | Қазақстан |
8 | Бекзат Құрманбекұлы | 14.04.2000 | Қазақстан |
10 | Ислам Абылқасов | 30.01.2004 | Қазақстан |
13 | Руслан Сақалбаев | 27.06.1984 | Қазақстан |
17 | Аян Құлмағанбетов | 11.11.2000 | Қазақстан |
21 | Елисей Горшунов | 08.07.2002 | Қазақстан |
71 | Сярhей Бандаренка | 19.05.1994 | Беларусь |
73 | Дидар Жалмұқан | 22.05.1996 | Қазақстан |
№ | Шабуылшылар | Туған күні | Азаматтығы |
9 | Өркен Махан | 27.01.1998 | Қазақстан |
11 | Елжас Алтынбеков | 22.11.1993 | Қазақстан |
15 | Адама Мамаду Диалло | 31.10.1997 | Гвинея |
19 | Амаль Сейітов | 14.03.2001 | Қазақстан |
77 | Нұрбол Әнуарбеков | 14.07.1998 | Қазақстан |
89 | Кирыл Сидаренка | 25.08.1995 | Беларусь |
АФК кубоктарында
Маусым | Турнир | Нәтижелер |
---|---|---|
1999 | Азия кубок иелері кубогы | 1/16 финал: «Ниса» (Түрікменстан) 0:1, 1:1 |
2000 | Азия кубок иелері кубогы | 1/16 финал: «Ходжа Карим» (Тәжікстан) 3:0, 0:3 (пен. 4:3) 1/8 финал: «Навбахор» (Өзбекстан) 2:2, 0:1 |
Есімі белгілі футболшылар
- Сергей Когай (1990-1993, 1994, 1997)
- Сұлтан Әбілдаев (1989-2001, 2002-2005)
- (1989)
- (1996)
- Нүркен Мазбаев (1998-1999)
- Олег Воскобойников (1998-1999)
- (2008)
- Мақсат Байжанов (2002-2004, 2006-2008)
- Дәуренбек Тәжімбетов (2003-2009)
- (2007-2009)
- (2011)
- (2011)
- (2011-2012)
- Ренат Абдуллин (2012)
- (2012)
- (2012)
- (2012)
- Мариан Маркович (2012)
- (2012)
- (2012, 2013)
- (1999-2001, 2004, 2012-2013)
- (2011, 2013)
- (2013)
Қайсар футбол клубының барлық бас бапкерлері
- Темір Сегізбаев (1970; 1980)
- (1981; 1982)
- (1985 1-ші жар.)
- (1985, 2-ші жар. — 1986, қыркүйек)
- (1986, қыркүйек — 1990, 1-ші айналым)
- (1996—1998, шілде)
- Воит Талғаев (1998, шілде — 1999, шілде)
- м.а. (1999)
- (1990, 2-ші айналым; 1999, шілде-2001)
- Марат Есмұратов (2002)
- Болат Есмағамбетов (2003, мамыр)
- Виктор Кумыков (2003, қазан — 2004)
- Тілеухан Тұрмағамбетов (2003, мамыр-қазан; 2006; 2009, тамыз)
- Сергей Гороховодацкий (2007)
- (2009, сәуір)
- Сұлтан Әбілдаев (2009, сәуір-тамыз)
- (2009, тамыз- 2011, ақпан)
- Альгимантас Любинскас (2011, ақпан- 2012, қаңтар)
- Сергей Когай (2012, қаңтар- 2012, сәуір)
- Владимир Никитенко (2008, 2012, сәуір)
- Сергей Волгин (2012, қаңтар- 2012, сәуір)
- Дмитрий Огай
Сілтемелер
- Ресми сайты 17 қыркүйектің 2013 жылы.
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 25 маусымның 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер