Қайшы — 1) тұрмыста, әр түрлі заттарды (мата, , шаш, т. б.) кесуге, қырқуға арналған құрал. Қайшының қос пышағы айқастырылып, ортасынан бекітіледі. Қайшы пышақтарының ұшы үшкір, екінші жағы ұстауға ыңғайлы болу үшін саусақтар сұғылатындай дөңгелек пішінді болып жасалады. 2) Техникада, пышақтарының жүздері кесу жазықтығында қарама-қарсы қозғалу арқылы металл бұйымдар мен дайындамаларды кесуге, қырқуға арналған қарапайым құрал не машина. Қайшы аспаптық болаттан жасалады. Металл кескіш қайшылардың бір пышағы қозғалмайтын, екіншісі қозғалмалы болып бекітіледі. Металл табақтарды кесу үшін түзу сызықты және дөңгелек жүзді (дискілі) қайшылар пайдаланылады. Қайшының гильотиндік, сортты, оймалық, вибрациялық түрлері бар. Қайшылардың қозғалмалы пышақтары тісті немесе берілістер және жетектер арқылы қозғалады. Металл кескіш қайшы негізінен прокат өндірісінде қолданылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkUzTDA1dmVubGplbXRwTkM1cWNHY3ZNVGd3Y0hndFRtOTZlV042YTJrMExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Галерея
- Бұл қайшылар біздің дәуіріміздің 2-ші ғасырында жасалған деп есептеледі, Түркияның Трабзон қаласындағы Рим қонысынан шыққан
- Қытай қайшы, Таң әулетінің ерте ортасы
- Үй шаруашылығы арналған
- Кесу арналған
- Құрсау арналған
- Кілемдерді кесуге арналған
- Солақайлар мен оң қолдарға арналған қайшы
- Жабық қайшы
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер