Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев (29.6.1941 жылы туған) – химия ғылымының докторы (1991), профессор (1992), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994). КСРО өнертапқышы (1990).
- 1965 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтында инженер, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі.
- 1994 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия ғылымдары институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Пірәлиев Қазақстанда алғаш рет депрессия ауруына қарсы қолданылатын синтетикалық зат – цефедрин' өндіруді және оны медицинада қолдануын іске асырған.
Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қызметі | химик |
Марапаттары мен сыйлықтары | Мемлекеттік сыйлық |
Ғылыми еңбектер
600-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. 119 КСРО авторлық куәлігі мен ҚР патентінің, 8 шет ел патенттерінің иегері.
Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті , ІNTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған.
Марапаттар
ҚР Мемлекеттік (2003), Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтардың (2000) лауреаты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық грантының жеңімпазы.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы"
- Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер