Қалдығайты – Жайық алабындағы өзен.
Қалдығайты өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 243 км |
Су алабының ауданы | 5,8 мың км² |
Су алабы | Жайық алабы |
Бастауы | Алмастау тауы |
• Координаттары | 50°09′14″ с. е. 54°21′07″ ш. б. / 50.15389° с. е. 54.35194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Төлен ауылының тұсында тұзды көлдер |
• Координаттары | 49°26′07″ с. е. 52°42′00″ ш. б. / 49.43528° с. е. 52.70000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°26′07″ с. е. 52°42′00″ ш. б. / 49.43528° с. е. 52.70000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары |
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 243 км, су жиналатын алабы 5,8 мың км².
Бастауы
Бастауын Шыңғырлау ауданындағы Алмастау тауының оңтүстік-батысынан алып, Төлен ауылының тұсында тұзды көлдерге құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, орта ағысы құмды өңірмен ағады. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Батпақкөл, Қалдығайты ауылдары тұсында жайылма құрап, батпақтанады. Қар көп болған жылдары қатты тасиды. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-дей 40 шақты саласы бар. Ірілері: Песчаная, Баянас, Ащысай, т.б. Жайылмасы – шабындық, жайылым. Өзен суында шортан, қарабалық, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер