Қандық (лат. Erythronium) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік Америка мен Еуразияның таулы аудандарында кездесетін 25 түрі белгілі. Қазақстанда қылқанжапырақты ормандар мен тоғайлар арасында, альпі және субальпі шалғындарында өсетін 1 түрі – сібір қандығы (Erythronium sibiricum) бар. Биіктігі 10 – 30 см, цилиндр тәрізді, сыртын қоңыр тері сияқты қатпарлар жапқан жуашықты өсімдік. Сабағы жіңішке тік өседі. Жапырақтарының саны екеу, кең жайылған қандауыр немесе таспа тәрізді (ұзындығы 7 – 15 см, 2 – 6 см), мрамор түстес дақтары болады. Ірі гүлі қызғылт күлгін, сирек ақ немесе сарғыш түсті, сабағының ұшында дара жетіледі. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – . Қандықтың кейбір түрлерінің жуашығын тағамға қосады және дәрілік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін өсіріледі.
Қандық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Erythronium dens-canis | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
20–30 түрі белгілі |
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |