Қарабауыр ұлар (Tetraogallus himalayensis) - тауықтәрізділер отрядының ірі денелі (биіктігі - 60 см шамасында, салмағы 3 килоға жуық) өкілі.
Қарабауыр ұлар | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Tetraogallus himalayensis , 1843 | ||||||||||||||||
![]() |
Биологиялық сипаттама
Реңі - шұбар, сұрғылт қоңыр болғандықтан, жартастар мен сусымалар ұларды жақсы жасырады. Ұларлардың дауысы - соңында жоғарылайтын өте ерекше ұнамды ысқырық. Негізінде топ түзеді, ұялау кезінде ғана жұпқа бөлінеді. Ұларлар тек қана жоғарыдан төмен қарай ұшады - мұны жалпақ қанатын қақпай қалықтау десе де болады. Жоғары қарай жорғалап шығады, ол жақсы жүгіре де алады. Өсімдіктердің әр түрлі бөліктерімен, көбінесе ылғалды топырақтан қазып алған тамыршылармен қоректенеді. Жағдайы келсе, бунақденелілерді де жейді. Ұясын қандай да болса қалқадағы шұңқырға орналастырады. Салындыдағы 7-16 секпілді ашық қоңыр жұмыртқаларды тек қана аналығы басады. Жас балапандарды да аналығы өргізеді.
Таралуы
Орта Азия, Памир, Тәңіртау, Гималайдың солтүстік-батыс сілеміне дейінгі таулардың альпілік белдеуінде қоныстанады. Сондықтан бұл түрдің екінші атауы - гималайлық ұлар. Қазақстанда оңтүстік-шығыс және оңтүстік тауларында мекендейді. Ұларлар - отырықшы құстар, олар қыста қары аздау беткейлерге онша ұзамай орын ауыстырады.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- Tetraogallus himalayensis. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер