Қараоба – Шұнақ тауларының оңтүстігіндегі шоқылы тау.
Қараоба | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | Шұнақ таулары |
Ұзындығы | 2,5 км |
Ені | 1,5 км |
Биіктігі | 660 м |
Орналасуы | |
46°59′08″ с. е. 72°37′02″ ш. б. / 46.98556° с. е. 72.61722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°59′08″ с. е. 72°37′02″ ш. б. / 46.98556° с. е. 72.61722° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мойынты темір жол бекетінің оңтүстік-батысында 60 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 660 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км-ге жуық. Беткейлері жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігінде Шауыпкелді, шығысында Қызылтас, Қарауылшоқы таулары, оңтүстігінде Кемер төбелері орналасқан.
Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас бұта өсімдіктері өседі.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),