Қараторғай – Торғай алабындағы өзен.
Қараторғай | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 284 км |
Су алабының ауданы | 15,5 мың км² |
Су алабы | Торғай өзені |
Бастауы | Арғанаты тауының батыс беткейі |
Сағасы | Торғай өзені |
• Орналасқан жері | Арал ауылы тұсы |
• Координаттары | 50°07′48″ с. е. 65°12′55″ ш. б. / 50.13000° с. е. 65.21528° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°07′48″ с. е. 65°12′55″ ш. б. / 50.13000° с. е. 65.21528° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігі аумағы және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары |
Географиялық орны
Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігі аумағы және Ұлытау облысының Ұлытау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 284 км, су жиналатын алабы 15,5 мың км2.
Бастауы
Бастауын Арғанаты (Дондығұл) тауының батыс беткейінен алып, Арал ауылы тұсында Торғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы арнасындағы аласа төбелер арасында 0,2-0,5 км, төменгі ағысында 1-2 км шамасында. Арнасында бірнеше шоңғал табандырық (терраса) бар. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Ағынының 90%-ы көктемгі қар еру кезінде қалыптасады. Негізгі салалары: Бөшке, Бозой, Үлкен Сабасалды, Қайыңды, Сарыторғай, Жыланды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасынан 20 км-дей жоғары жерде 1,93 м3/с.
Қолданысы
Арқалық қаласын және кеніштерді сумен қамтамасыз ету мақсатында өзенге су тартқыш орнатылған. Алабы - жайылым, аңғары - шабындық.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер