Қарауылтөбе – ежелгі оба (б.з.б. 5 ғ. — б.з. 1 ғ.). Арыс қаласы төңірегіндегі Қараспан аулынан 2 км шығыста. Археологиялық әдебиеттерде 20 ғ-дың басында И.А.Кастанье мәліметі бойынша белгілі. Қарауылтөбені 1948—50 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы(жетекші А.Н.Берн¬штам) және екінші рет 1966— 68 ж. осы экспедиция отряды (жетекші Б.Нұрмұханбетов) зерттеген. Топырақ үйінділерінен тұрғызылған мұндай обалар сақ "пирамидасы" деп аталады. Оның диаметрі 110—120 м, биіктігі 16 м шамасында. Қарауылтөбеден 19 ғ-дың соңында Отырар, Тараз, Шаш,Алмалық қалаларында жасалған, 13—14 ғ-ларға жататын 1850 дана күміс және мыс теңгелер табылған. Қарауылтөбе тоналған ескерткіш. Орта ғасырларда мұнда қарақшы отырып, төңіректі барлап отырғандыктан, жергілікті халық оны Қарауылтөбе атап кеткен.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер