«Қара жесір» (ағылш. Black Widow) — 2021 жылы шыққан америкалық суперқаһармандық фильм. Фильмді Marvel Studios шығарды және Walt Disney Studios Motion Pictures таратты. Бұл Marvel кинематографиялық әлемі (MCU) медиафраншизасындағы 24-ші фильм. Фильмнің режиссері — Кейт Шортланд, сценарий авторы — Эрик Пирсон. Скарлетт Йоханссон Наташа Романофф / Қара жесір рөлін сомдады; сондай-ақ фильмде Флоренс Пью, Дэвид Харбор, О-Т Фагбенли, Ольга Куриленко, Уильям Херт, Рэй Уинстоун және Рэйчел Вайс ойнады. Сюжет бойынша Капитан Америка: Азамат соғысы (2016) фильміндегі оқиғалардан кейін Наташа Романофф өзінің өткенін жанымен қабылдауға тырысады.
Қара жесір | |
Black Widow | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
|
Продюсері |
|
Сценарийдің авторы | Сюжет: |
Операторы | Габриэль Беристайн |
Композиторы | Лорн Балф |
Кинокомпания | Шығарған: |
Ұзақтығы | 134 минут |
Бюджеті | 288 млн $ |
Кассалық түсімі | 379 млн $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
Алдыңғы фильм | |
Келесі фильм |
|
IMDb | |
https://www.marvel.com/movies/black-widow |
«Қара жесір» АҚШ-та 2021 жылдың 9 шілдесінде кинотеатрларда және бір уақытта Disney+ ағындық қызметінде, ал Ресейде 8 шілдеде шығарылды. Қара жесір MCU-дегі 4-кезеңнің бірінші фильмі болды. Фильмнің шығуы алғашқыда 2020 жылдың мамырына белгіленген күннен COVID-19 пандемиясына байланысты үш рет кейінге қалдырылды. «Қара жесір» фильмі пандемиялық жағдайдағы бірнеше кассалық рекордын орнатты, фильм бүкіл әлем бойынша 379 миллион доллардан астам және Disney+ сервисінде 125 миллион доллар жинады. Фильм негізімен сыншылардан оң пікірлер алды, олар актерлік шеберлікті (әсіресе Йоханссон мен Пьюдің ойнауын) және экшн-қойылымдарды жоғары бағалады.
Актёрлер
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek13TDB0bGRtbHVYMFpsYVdkbEpUSkRYMU5qWVhKc1pYUjBYMHB2YUdGdWMzTnZiaVV5UTE5RVlYWnBaRjlJWVhKaWIzVnlKVEpEWDBac2IzSmxibU5sWDFCMVoyZ2xNa05mVHk1ZlZDNWZSbUZuWW1WdWJHVWxNa05mUTJGMFpWOVRhRzl5ZEd4aGJtUmZKVEkyWDFKaFkyaGxiRjlYWldsemVsOGxNamcwT0RRM01UZzNPVEF6TWlVeU9TNXFjR2N2TWpjd2NIZ3RTMlYyYVc1ZlJtVnBaMlVsTWtOZlUyTmhjbXhsZEhSZlNtOW9ZVzV6YzI5dUpUSkRYMFJoZG1sa1gwaGhjbUp2ZFhJbE1rTmZSbXh2Y21WdVkyVmZVSFZuYUNVeVExOVBMbDlVTGw5R1lXZGlaVzVzWlNVeVExOURZWFJsWDFOb2IzSjBiR0Z1WkY4bE1qWmZVbUZqYUdWc1gxZGxhWE42WHlVeU9EUTRORGN4T0RjNU1ETXlKVEk1TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
- Скарлетт Йоханссон — Қара жесір Наташа Романофф: кек алушы, бұрынғы КГБ агенті, бұрынғы S.H.I.E.L.D. агенті. — жас Наташа.
- — Қара жесір Елена Белова: Наташаның «қарындасы», Қызыл бөлмеде арнайы дайындықтан өткен. Вайолет Макгроу — жас Елена.
- — Алексей Шостаков / Қызыл Қорғаушы: орыс суперсолдаты, Капитан Американың эквиваленті, Наташа мен Еленаның «әкесі».
- — Рик Мейсон: S.H.I.E.L.D. кезінен Наташаның одақтасы.
- — Антония Дрейкова / Таскмастер: Дрейковтың қыз баласы, Қызыл бөлмеге қызмет етеді. Райан Кира Армстронг — жас Антония.
- — Таддеус Росс: АҚШ Мемлекеттік хатшысы.
- — Дрейков: орыс генералы және Қызыл бөлменің жетекшісі.
- Рэйчел Вайс — Қара жесір Мелина Востокофф: тәжірибелі тыңшы, Наташа мен Еленаның «шешесі», Қызыл бөлменің басты ғалымы.
Дереккөздер
- Marvel's 'Black Widow' Made Disney $67 Million. Here's Why — Forbes
- Black Widow (2021) — Box Office Mojo
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер