Қармақшы мектебі – облыстағы алғашқы оқу орындарының бірі. 1895 жылы 15 мамырда ашылған. Мектеп Қармақшы орыс-қазақ түземдік училищесі аталып, оның меңгерушісі әрі мұғалімі Сырдария халық училищесі қызметкері болды. Қармақшы мектебі алғашында өзбек саудагері 7 бөлмелі үйіне орналасты. Кейін 1909 жылы жеке үйдің іргесі қаланып, онда 20 балаға арналған интернат ашылды. 1929 жылы 570 бала білім алды. 1962 жылы мектепке Ш.Уәлиханов есімі берілді. Қарамқшы мектебі түлектері қатарынан 4 академик, 14 ғылым докторлары, 50-ден астам ғылым кандидаттары шықты.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |