Қарынгүрлі – Мұзбел жонының шығысында жатқан аңғар.
Қарынгүрлі аңғары | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 65 км |
Ені | 2, 4 км |
Орналасуы | |
42°37′36″ с. е. 55°48′25″ ш. б. / 42.626732° с. е. 55.806873° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°37′36″ с. е. 55°48′25″ ш. б. / 42.626732° с. е. 55.806873° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан.
Жер бедері
Аңғар солтүстіктен оңтүстікке қарай 65 км-ге созылған, енді жері 2 – 4 км-дей. Аңғар табанына көктемде 10 – 15 күндей су ағатын құрғақ арна жатыр. Табаны теңіз деңгейінен 85 м биікте, беткейлері көлбеу келген. Олардың салыстырмалы биіктігі 50 – 55 м.
Өсімдігі
Сүйірлене келген аңғардың басында жуа, сарсазан, баялыш, жайпақ бөлігінде бұйырғын, баялыш, сораң шөптесіндер өседі. Қарынгүрлі аңғары жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер