Қаттыкөл, Аппақ — Ойыл алабындағы көл.
Қаттыкөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 13 м |
Өлшемі | 13 × 3,1 км |
Ауданы | 3,8 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 17,2 км |
Орналасуы | |
48°53′53″ с. е. 52°58′26″ ш. б. / 48.89806° с. е. 52.97389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°53′53″ с. е. 52°58′26″ ш. б. / 48.89806° с. е. 52.97389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Атырау облысы |
Аудан | Қызылқоға ауданы |
Географиялық орны
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының солтүстік-шығысында 2 км жерде, теңіз деңгейінен 13 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Күрделі пішінді көлдің аумағы 3,8 км2, ұзындығы 13 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 17,2 км. Көлдің оңтүстігін ала бірімен-бірі тармақтармен жалғасқан бірнеше көл тізбектері жатыр. Көктем айларында Ойылдың тармағы - Көздіқара өзенінің тасуынан бұл көлдер Қаттыкөлмен бірігіп кетеді. Суын шабындықты суландыруға және мал суаруға пайдаланады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),