Қауылжыр – Шалқар алабындағы өзен.
Қауылжыр өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 142 км |
Су алабы | 1810 км² |
Бастауы | Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтар. |
Сағасы | Шалқар көлі |
• Координаттары | 47°49′46″ с. е. 59°34′56″ ш. б. / 47.82944° с. е. 59.58222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°49′46″ с. е. 59°34′56″ ш. б. / 47.82944° с. е. 59.58222° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақтөбе облысы Шалқар ауданы . |
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 142 км, су жиналатын алабы 1810 км2.
Бастауы мен су алабы
Бастауы Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Шалқар көліне құяды. Өзенге ондаған шағын жылғалар қосылады. Ірі салалары: Алабассай, Қарабұлақсай, Сарысай, Қоғанжар, т.б.
Гидрологиясы
Арнасының жоғарғы бөлігі төбелер аралығымен ағып, қалған бөлігі үстірттің сортаңды ойыстары арқылы өтеді. Су жайылмасы сағасында 8 км-ге дейін кеңейеді. Арнасының ені 50-150 м. Көбіне қар, аздап жер асты суларымен толығады. Жазда арнасындағы ағыс қарасуларға бөлініп қалады. Арна бойындағы құдық суымен мал суарылады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер