Қияс (араб.: قياس) — Ислам фиқһында кең таралған ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару әдісі. Мұсылман ғалымдарының арасында қияс Құран, Сүннет және ижмағтан кейінгі орын алады. Алайда қиястың рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері бар. Тыйым салынған түрлеріне біреудің Құран мен Сүннеттен дәлелі болып тұрып қияс арқылы үкім шығаруы жатады. Ибн Масғуд айтқан:
«Дін мәселелерінде қиясқа негізделетін болсаңдар, көптеген харам нәрсені халал қылып, халал нәрселерді харам қылып аласыңдар»
«Аллаһ айтты (Ібіліске): Саған мен әмір еткенде сәжде жасауға не кедергі болды? — деп. Ол жауап берді: Мен одан жақсырақпын! Сен мені оттан, ал оны балшықтан жараттың»
—7:12
Әл-Хасан әл-Басри мен Мұхаммед ибн Сирин осы аятқа сүйеніп ең бірінші боп тыйым салынған қиясты Ібіліс қолданған деп санаған.
Дереккөздер
- «Әл-фақиһ уәл-мутафақиһ», 180. әл-Хатыб әл-Бағдади
- «Тәфсир әт-Табари», 5/438
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер