Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы - 1986 жылы қайтыс болды) — . Қорасан қожа руынан шыққан. ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.
Құлахмет Қожықов | |
---|---|
| |
Дүниеге келгені: | 1914 |
Қайтыс болғаны: | 1986 |
Мансабы: |
Ол Қазақ драма театрында М. О. Әуөзовтың романы бойынша қойылған «Абай» спектаклін (1940) безендірді. «Абай» операсында 16 костюмнің үлгісін(акварель, 40х25) және 5 декорация (1944, фломастер, темпера), сондай-ақ, «Абай әні» кинофильмінде 22 костюмнің(1945, акварель, барлығы Әуөзовтың музей-үйі қоры) үлгісін жасады. Ол Абайдың «Қыс», «Көктем» атты өлендеріне арнап (1944-1948) шағын иллюстрациялар (сия, қағаз, қалам, автор отбасының қоры), 1954 жылы Абайдың өлеңцер жинағының мүқабасын, бірінші бетін, 6 иллюстрация (акварель), Абайдыңдастаны, өлеңдері, аудармаларына (1953, ксилография), тақырыпттарына суреттер салды. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапаттадған.
Дереккөздер
- http://adebiportal.kz/upload/iblock/bfa/bfab34d734260576a5104d7f05a6725c.pdf
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер