Қопа жазығы, Қопсан жазығы – Шу-Іле тауларының шығыс сілемі Кіндіктас тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау аралық жазық.
Қопа жазығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 1000, 700 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | ~ 15 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | ~ 40 км |
Өзендер | Қопа |
Орналасуы | |
43°29′06″ с. е. 75°24′30″ ш. б. / 43.485088° с. е. 75.408367° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°29′06″ с. е. 75°24′30″ ш. б. / 43.485088° с. е. 75.408367° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақтар | Алматы облысы, Жамбыл облысы |
Географиялық орны
Батысы Жамбыл облысының Қордай ауданына, қиыр шығысы Алматы облысының Жамбыл ауданына еніп жатыр.
Жер бедері
Ұзындығы 35 – 40 км, енді жері 15 км шамасында. Биіктігі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 1000 м-ден 700 м-ге дейін төмендейді. Төрттік кезеңнің аллювийлі малтатастарынан түзілген. Жазықты Қопа өзені жарып ағады. Солтүстігінде Құлжабасы тауы Қопа жазығын Қараой жазығынан бөліп жатыр.
Өсімдігі
Жазықтың солтүстігіндегі шөлейт өсімдіктер жамылғысы оңтүстігінде тауалды дала өсімдігіне ұласады.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер