Қорымдар — таулардың етегі мен беткейлерінде тау жыныстарының үгілуінен және бұзылуынан пайда болатын кесек тастар жиынтығы. Беткейлердің төменгі, кейде орта бөлектерін жауып жатады. Көлемі жағынан нашар сортталған, қырлы материалдан тұрады.Олар физикалық және аяздық үгілу нәтижесінде және ауырлық күшінің әсерінен беткеймен төмен қарай біртіндеп сырғи отырып тас өзендерін түзуі мүмкін. Қорымдық беткейлерде жоғарыдан төмен қарай денудациялық немесе қорымдық беткейді, қорымдық науаны және қорымдық қонысты ажыратуға болады. Қорымдар әдетте, орманның жоғарғы шекарасынан жоғары орналасқан биік тауларға тән. Термин көбінесе Сібірде, Қазақстанда, Орта Азияда тараған. Кейбір географиялық атаулардың құрамына енеді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер