Қуан Лекеров (1896, Қарағанды облысы — 23.5.1955, Алматы) — әнші (драм-тенор). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артісі (1939).
Арғын тайпасы Қаракесек руы Нұрбике Шаншар бұтағынан шыққан.
Алғашқы ұстаздары шешесі Бәдігүл мен әнші Қ.Байжанов. Жастайынан “әнші бала” атанған Лекеров майталман әншілерден (Ұ.Айтбаев, Иса Байзақов, М.Уәлиқызы) тағылым алған. 1930 ж. Алматыға шақыртылып, Қазақ радиосында әнші болды. Қазақ мемлекеттік академия драма театрының сахнасында Жапал (Мұхтар Әуезов, “Еңлік-Кебек”), (Ғабит Мүсірепов, “Ақан Сері - Ақтоқты”), т.б. бейнелерді сомдады. 1940 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясында әнші болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары арнаулы концерттік топтың құрамында майдан жауынгерлеріне арналған концерттерге қатысты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Біржанның, Жарылғапбердінің, сондай-ақ қазақ композиторларының әндері болды.
Үнтаспаға жазылған әндері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер