Қу – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Қу тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 7 км |
Ені | 3 км |
Биіктігі | 780 м |
Орналасуы | |
47°38′39″ с. е. 70°44′49″ ш. б. / 47.64417° с. е. 70.74694° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°38′39″ с. е. 70°44′49″ ш. б. / 47.64417° с. е. 70.74694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Қазақстан, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінен солтүстікке қарай 30 км жер |
| |
|
Географиялық орны
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінен солтүстікке қарай 30 км жерде. Солтүстік -батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Абсолюттік биіктігі 780 м. Беткейлері тегіс келген окшауланған тау массивінен тұрады.
Геологиялық құрылымы
Девон жүйесінің орта және төменгі бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Тау беткейлерінде мол қорымтас жиналған. Шағын 8 өзен бастау алады. Ірілері — Кенжебайсай, Көктас. Жайылымдық жер және мал қыстауына пайдаланынады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),