Қызылқоға ауылдық округі — Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік.
Қазақстан ауылдық округі | |
Қызылқоға ауылдық округі | |
Облысы | |
---|---|
Ауданы | |
Округ орталығы | |
Енеді | 2 ауыл |
Тұрғыны (2021) | ▼1346 |
Әкімі | Зейнолла Ғалымжанұлы Шаликов |
Округ әкімдігінің мекенжайы | Қарабау ауылы, Игілікұлы көшесі, №7 |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 06 |
Әкімшілік құрамы
Құрамына Қарабау, Бұқар ауылдары кіреді. Әкімшілік орталығы – Қарабау ауылы.
Сипаттамасы
Жер көлемі - 103 193 гектар, оның 491,2 га - жайылымдық жер, 13287,2 га - шабындық алқабы. Сиыр - 1491, қой-ешкі - 3986, жылқы - 1468, түйе - 91. 250 отбасы тұрады.
Халқы
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1346 адамды (704 ер адам және 642 әйел адам) құрады.
Елді мекен | Халқы, адам (1989) | Халқы, адам (1999) | Халқы, адам (2009) | Халқы, адам (2021) |
---|---|---|---|---|
Қарабау | 2205 | 1523 | 1420 | 1311 |
Бұқар | 280 | 230 | 118 | 35 |
Мәдени-әлеуметтік мекемелер
Қарабау орта мектебі , «Қарлығаш» балабақшасы, ауылдық клуб, кітапхана, амбулатория, пошта бөлімшесі, телекоммуникация торабы т.б. бар.
Шағын кәсіпорындар
21 жеке кәсіпкер (5 дүкен, 1 наубайхана, 1 кафе), 135 жекеменшік көлік, 8 шаруа қожалығы бар (1.01.2019 ж. мәлімет).
Транспорты
Округ аумағынан «Мақат-Индер» теміржолы, «Орта Азия-Орск» мұнай-газ құбыры, облыстық дәрежедегі «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автокөлік жолы өтеді.
Әкімдері
Әр жылдары Н.Марданов, Е.Бөтпенов, Л.Оразов, Ш.Қонысбаев, М.Сәтқалиев, Ш.Қонысбаев, Р.Ерғалиев, С.Ізмұқанов, Қ.Қайруллин округ әкімі болған.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы", X том
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер