Қылша(лат. Ephedra) — қылшалар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар.
Қылша | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 2 — 7 см-ден 1 — 8 м-ге дейін жетеді.
- Сабағы бунақты. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді.
- Жапырағы қабыршақ не жіп пішінді.
- Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады. Аналығы 1 — 3 бүрлі. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі.
- Жемісі — сары, қызыл түсті, етті шырынды жидек.
Өсетін жері мен таралуы
Құрғақ климатты жерлерде: Солтүстік жарты шардың басым бөлігінде - Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияның оңтүстік-батысы мен орталығында, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір жазығының далалы жерлерінде және Оңтүстік жарты шарда, Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда қылшаның Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратау сілемдерінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар.
Қолданылуы
Құрамында С дәрумені бар, жеуге жарамды.
Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар (пиракатехин, флобафен, т.б.) бар. Қылшаның бір түрі (E. lamatolepіs) эндемик болып саналады. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша ( — Ephedra dіstachye), қырықбуынды қылша (E. equіsetіnc), қызыл тамырлы қылша (Ephedra іntermedіa) түрлері жатады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
- Қазақстан энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер