Құдайберді Құнанбайұлы (1829-66) - Абайдың ағасы. Құнанбайдың бәйбішесі, Найманның Ағанас биінің Күнкеден туған. Құдайберді жастайынан атасы Өскенбай мен әжесі Зеренің тәрбиесінде мінезі орнықты, енегелі болып еседі. Түрікше, арабша сауаташады. Ер жеткен соң, әкесі Деп өлеңді жайлаған Қаракесек ішіндегі руынан шыққан әйгілі би Алдабергеннің қызы Төлебикені айттырып, алып береді. Төлебике арабша, түрікше оқыған сауатты, білімді, кесте тігіп, ою оятын, киім пішетін, пышақ соғатын өнерімен елге танылады. Ырғызбай ұрпақтары оны Дәметкен деп атайды. Дәметкеннен - Омар, Мұртаза, Шаһмардан (Шәке), Шәкерім, ал екінші әйелі Тобықты ішінде руынан шыққан Дулат батырдың қызы Ботантайдан - Әмір, Жылқыайдар, Ырзықбай туады. Омар мен Жылқыайдар жастай шетінеп кетеді. Қ. балалары Әмір, Мұртаза, ШаҺмарданды Семей медресесінен тыңғылықты білім алып шыққан Өтебай деген молдадан оқытады. Құдайбердіні Абай қатты қадірлеп, Семейден дәрі-дәрмек әкеліп тұрған, сырқаттығына қарамай ұзақ әңгімелесетін болған. Оның сүйегі Жидебайдағы зиратқа жерленеді. Абай аяулы ағасына деген қимастық сезімін білдіріп, жоқтау жазған. Құдайбердіден қалған інілерін, әсіресе, Шәкерімді тікелей өз қамқорлығына алып, тәрбиелеп, оқытады.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер