Құмтүйін — Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бұрын ауылдан 2-3 км жердегі "Үлкен құм төбе" мен "Бала құм төбенің" түйіскен жерінде орналасқан. Колхоздастыру кезінде қазіргі кездегі елді мекенге шоғырланған.
Ауыл | |
Құмтүйін | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округ | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°02′50″ с. е. 71°05′28″ ш. б. / 43.04722° с. е. 71.09111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°02′50″ с. е. 71°05′28″ ш. б. / 43.04722° с. е. 71.09111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲792 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 08 |
Құмтүйін шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Аса ауылынан солтүтік-батысқа қарай 3 км-дей жерде.
Халқы
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
738 | ▲792 | 107,3 | 369 | ▲405 | 109,8 | 369 | ▲387 | 104,9 |
Ауыл маңы табиғаты
Қыз әулие - Құмтиін ауылының батыс жағында керамика қалдықтары, тас мүсін табылған. Ауылдан 500 м қашықтықта орналасқан қыз бейнесі салынған тас мүсіннің биіктігі 1 м, төбенің ұзындығы 100-150 м. Оны жергілікті тұрғындар "Қыз әулие" деп атаған. Оның үстіне жақын жылдарда Құмтүйін ауылының тұрғындары үлкен етіп "Қыз әулие" кесенесін орнатқан. Жергілікті тұрғындардың ұғымында ол жер "Әулилі, киелі" жер.
Дереккөздер
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы