Құранда аталған пұттар — ән-Нәжм сүресінің 19-23 аяттарында, Нұх сүресінің 22-23 аяттары мен әс-Саффат сүресінің 123-126 аяттарында аталған пұттар мен құдайшықтар. Құран Кәрімде барлығы 9 ежелгі арабтардың құдайы аталған.
Құран туралы мақалалар | |
---|---|
Құран Кәрім | |
• • • • • Мәтіні Аудармалар • Қырааттар тізімі • Құран оқылуы (харф) • | |
![]() | |
Баал
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekEwTDBKaFlXeGZWV2RoY21sMFgweHZkWFp5WlY5QlR6RTNNekk1TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxQ1lXRnNYMVZuWVhKcGRGOU1iM1YyY21WZlFVOHhOek15T1M1cWNHYz0uanBn.jpg)
, Бағл (араб.: بعل — батыс семиттерде белгілі, сонымен қатар ассир-вавилондық этномәдениетте, Финикияда, , Сирия және т.б. аумақтарда дәріптелген құдай. Баал найзағай атушы құдай, соғыс, өнімділік, аспан, күн және басқа да заттардың тәңірі саналған. Құранның әс-Саффат сүресінде Ілияс пайғамбардың қауымы Аллаһтың орнына құлшылық етікен тәңір ретінде аталған:
«Шын мәнінде Ілияс біздің елшілерден болды, ол айтты: „Сендер (Аллаһтан) қорықпайсыңдар ма? Сендер Баалға дұға етіп,ең жақсы Жаратушыны — сендердің және сендердің ата-бабаларыңның Раббысын қалдырып қоясыңдар ма?“»
— әс-Саффат сүресі, 123-126
Мединелік пұттар
Нәжм сүресінде меккелік көпқұдайшылардың пікірінше Аллаһтың қыздары саналған құдайшықтар аталған:
«Сендер әл-Лат пен әл-Уззаны және үшіншісі Манатты көрдіңдер ме? Сендерде — ұл балалар да, Онда — қыз балалар ма? Расында бұл әділетсіз бөлу. Олар (құдайшықтар) — сендер және сендердің әкелерің атап кеткен есімдер, Аллаһ олар туралы еш дәлел түсірген жоқ. Олар тек ойлары мен нәпсілері қалаған затқа ереді. Оларға Раббыларынан тура жолға нұсқау келген еді.»
— ән-Нәжм сүресі, 19-23
Әл-Лат
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelF5TDBGc2JHRjBYMUJoYkcxNWNtRmZVa2RhVFY4ek16WTVMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFCYkd4aGRGOVFZV3h0ZVhKaFgxSkhXazFmTXpNMk9TNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Аллат, әл-Лат, Алилат, Лат, Илат (араб.: اللات) — ежелгі арабтардың аспан мен жаңбырдың әйел-құдайы. Орталық Арабияның арабтарында әл-Лат — Аллаһтың қызы, әл-Узза мен Манаттың қарындасы, Орталық Арабияның оңтүстігінде — әл-Уззаның қызы саналады. Әл-Латтың бейнесі оң қолына найза ұстаған жауынгер әйел-құдай кейпінде бейнеленген. Әл-Лат Таиф қаласының қамқоршысы саналып, сонда оның ғибадатханасы мен пұты (ақ гранит тас) орналасқан
Әл-Узза
Әл-′Узза, ′Узза (араб.: العزى — құдіретті) — Шолпан ғаламшарының әйел-құдайы. Синайда, мен Лихйан елдерінде Хан-Уззайуже деген атпен танымал. Сонымен қатар самуд арабтарында, Оңтүстік Арабия арабтары мен Иракта танымал. V—VI ғасырларға таман Арабияның, әсіресе Орталық Арабияның (Мекке) арабтарында басты құдайға айналады. Ол әл-Лат және Манатпен бірге Аллаһтың қыздары саналған үштікте орын алады. Орталық Арабияның оңтүстігінде әл-Узза Аллаһтың «әйелі», әл-Лат пен Манаттың анасы саналды. Меккенің солтүстігінде Нәхлде әл-Уззаның ғибадатханаларының бірі орын тепкен.
Манат
Манат, Мануту (араб.: مناة — тағдыр, жазмыш) — барлық Солтүстік және Орталық Арабияда дәріптелген тағдыр мен жазаның әйел-құдайы. Манат — жерасты патшалығының құдайы мен қабірдегі тыныштықтың сақтаушысы аналған, Орталық Арабияның арабтарында — Аллаһтың үлкен қызы, әл-Лат пен Уззаның қарындасы, ал Орталық Арабияның оңтүстігінде әл-Уззаның қызы саналды. Манаттың мүсіндері ежелгі араб көпқұдайшыларына үй ішінің құдайы болды. Медине қаласының қамқоршысы болуы мүмкін.
Нұх қауымының құдайлары
Уәдд
Суағ
Яғус
Яғуқ
Нәср
Дереккөздер
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер