Үйдене, Жайдақ – Зайсан көлі алабындағы өзен
Үйдене өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 103 км |
Су алабының ауданы | 856 км² |
Су алабы | Зайсан көлі |
Бастауы | Сауыр-Тарбағатай жотасының солтүстік беткейіндегі бұлақтар |
• Координаттары | 47°09′59″ с. е. 84°59′15″ ш. б. / 47.16639° с. е. 84.98750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Зайсан көліне |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аумағында |
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы аумағында. Ұзындығы 103 км, су жиналатын алабы 856 км2.
Бастауы
Үйдене Сауыр-Тарбағатай жотасының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Зайсан көліне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары жоғарғы бөлігінде тар (таулық), төменде, Зайсан (Жайсаң) қазаншұңқырында 0,4-1,5 км-ге кеңейеді. Өзен қар (50%), жаңбыр (25%) және жер асты (25%) суымен толығады. Су режимі бойынша көктем-жаз кезеңінде (наурыз-маусым) таситын өзендерге жатады. Ағынының 75-85%-ы су тасу, 10-25%-ы жазғы-күзгі сабалық (шілде-қараша), 2-5%-ы қысқы сабалық (желтоқсан-ақпан) кезеңдерінде өтеді. Суының минералдылығы су тасу кезеңінде 100-200 мг/л-ден жазғы-күзгі және қысқы сабалық кезеңдерде 300-700 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Зайсан қаласының тұсында 3,76 м3/с. Орташа лайлылығы жоғарғы ағысында 25 г/м3-ден төменгі ағысында 100 г/м3-ге дейін өзгереді. Өзен негізінен егін суаруға пайдаланылады. Өзенде салынған.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы", 9 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер