Үлкен Бөкен – Ертіс алабындағы өзен.
Үлкен Бөкен өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 184 км |
Су алабының ауданы | 3450 км² |
Су алабы | Ертіс алабы |
Бастауы | Қалба жотасы |
• Координаттары | 49°15′27″ с. е. 82°45′16″ ш. б. / 49.25750° с. е. 82.75444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Бұқтырма |
• Координаттары | 48°33′29″ с. е. 83°23′12″ ш. б. / 48.55806° с. е. 83.38667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°33′29″ с. е. 83°23′12″ ш. б. / 48.55806° с. е. 83.38667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Абай облысы Көкпекті ауданы |
Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 184 км. Су жиналатын алабы 3450 км².
Бастауы
Қалба жотасындағы Талды тауының оңтүстік беткейінен басталып, Үлгілі ауылы тұсында Бұқтырма бөгеніне құяды.
Гидрологиясы
Басты салалары — Ақтасты, Бөкімбай, Жомба, Кіші Бөкен. Өзен атырабы қыратты (биіктігі 700 — 1000 м), аңғары мен арнасы шатқалды. Жауын-шашын, ішінара ыза суынан толығады. Суы жазда тұщы. Ағысы жыл бойы тартылмайды. Жылдық орташа су ағымы Сүлеймен ауылы тұсында 8,64 м³/с. Суы Ақтоған, Дәулет, т.б. каналдар арқылы егін, шабындық суаруға пайдаланылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер